Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 26 Қыркүйек 2023

Денсаулық сақтау саласындағы жетекші еуропалық зерттеуге екінші жыл қатарынан Қазақстан туралы деректер енгізілді Featured

Rate this item
(2 votes)

stada 09 2023• STADA компаниясы STADA Health Report халықаралық зерттеуінің тағы бір легін ұсынды. Қазақстанда зерттеу екінші жыл жүргізіліп жатыр.

• Қазақстанда сұралғандардың 38%-ы денсаулық сақтау жүйесінің деңгейіне қанағаттанады (2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда +13 пункт).

• Қазақстандықтардың 30%-дан астамы тұрақты тексеруден өтпейді, өйткені олар өзіне не керегін және неден өтуге болатынын білмейді.

• Қазақстандықтардың 87%-ы ұйқының сапасына қанағаттанады – бұл барлық ел арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

• 62% Қазақстан тұрғындары өздерінің психологиялық денсаулығын жоғары бағалайды және 66% физикалық денсаулығын күтуге бейім.

Қазақстанда STADA Health Report 2023 зерттеуі таныстырылды, оған 15 еуропалық мемлекетпен қатар біздің ел де қатысушы болды. STADA фармацевтикалық компаниясы он жылдан астам уақыт бойы ұсынып келе жатқан Health Report - Еуропадағы Денсаулық сақтау саласындағы ең беделді зерттеу.

2023 жылы STADA Human8 зерттеу компаниясын тарта отырып, денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықаралық сауалнамасын жүргізді. Сауалнамаға әр елден 2000-ға жуық адам қатысты. Барлығы 18 бен 99 жас аралығындағы 32 013 адамға сауалнама жүргізілді. Биылғы есепке Өзбекстан туралы деректер алғаш рет енгізілді.

2023 жылғы Health Report денсаулық сақтау саласының созылмалы ауруларға деген көзқарасы, психологиялық денсаулық, соғыс пен дағдарыстың салдары, жалпы әл-ауқат және аурудың алдын алу, денсаулық сақтау қызметтеріне қанағаттану сияқты негізгі тақырыптарын қамтиды.

«Еуразия» өңіріндегі STADA Вице-президенті Арминас Мацевичус Қазақстан астанасында есеп бере отырып, былай деп атап өтті: «Былтыр Health Report есебі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің де, журналистердің де зор қызығушылығын тудырды. Бұл кездейсоқ жағдай емес, себебі есепте қазақстандықтардың өз денсаулығы туралы не ойлайтыны, денсаулық сақтаудың қандай мәселелеріне көбірек көңіл бөлетіні, Денсаулық сақтау министрлігінен не күтетіні, неден көбірек қорқатыны, қалай емделетіні және қалай демалатыны туралы ең өзекті ақпарат беріледі. Дәстүр бойынша, STADA Health Report 2023 зерттеуі халықтың мінез-құлқын, фармацевтикалық және медициналық сауат деңгейін және денсаулық сақтау үрдістерін тереңірек түсінуге көмектесетін деректерді қамтиды. Алынған деректер STADA компаниясының өзіне науқастар мен медицина қызметкерлерінің тілегін бұдан да жоғары көрсеткішке жеткізуге көмектеседі, яғни сенімді серіктес ретінде адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау миссиясын толық орындайды».

Биылғы есепте жалпылай алғанда 16 елдегі респонденттерден қазақстандықтарды жалпы позитив көзқарас, жалпы оптимистік көзқарас, жаңа технологияларға және диагностиканың заманауи әдістеріне ашықтық, сондай-ақ денсаулық туралы өз білімін бағалау бөлігінде өз-өзіне сынмен қарау басым екені ерекшелеп отыр.

STADA Health Report 2023 зерттеуінің кейбір деректері мынадай:

- Кейінгі жылдары біздің денсаулығымыздың қаншалықты осал екендігі бұрынғыдан да айқын бола түсті. Жұрт мұны ескеріп, қайтадан өз әл-ауқатына күтіммен қарай бастады. Мәселен, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 37%-ы дәрумен тұтынуды арттырған.

- 26%-ы сау тамақтануды бастаған, 19%-ы профилактикалық медициналық тексеруден жиі өткенін айтып, жауап берген.

- Кейінгі 12 айда қазақстандықтар тиімді емделу мүмкіндігін арттыру мақсатында денсаулықтың тиісті жай-күйін сақтау және ауруларды ерте сатысында анықтау мәселесінде негізгі фактор болып отырған профилактикалық медициналық тексеруден жиі өте бастаған. Бұл туралы қазақстандықтардың 19%-ы (Еуропа тұрғындарының 17%-ы, өзбекстандықтардың 22%-ы) мәлімдеп отыр.

- Скринингтің ең танымал процедурасы – гинекологиялық тексеру, қазақстандықтардың 80%-ы мен еуропалықтардың 70%-ы одан үнемі өтеді (және Өзбекстан тұрғындарының 23%-ы ғана). Қазақстанда екінші орынды жалпы қан анализі алып отыр – 71% (Еуропада 42%, Өзбекстанда да 45% үлесімен екінші орын). Әрбір алтыншы қазақстандық (64%) тұрақты түрде жалпы тексеруден өтетінін айтқан, осы арқылы бұл процедура елдегі ең танымал үшінші профилактикалық рәсімге айналады.

- Психологиялық денсаулықтың жақсаруы барлық жерде байқалады және Қазақстан 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткішті жақсартудан көшбасшылардың бірі болды – 62%, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 23 тармақ. Ал ұйқының сапасын жақсартудан қазақстандықтар сауалнаға қатысқан басқа елдер арасында көшбасшы орында – 2022 жылмен салыстырғанда 87%, +10 пайыздық тармақ.

- Қазақстан медицина саласындағы инновацияларға ашық ел ретінде танылды. Мәселен, Қазақстанда дәрігердің қабылдауына онлайн-жазылу көрсеткіштері орташадан жоғары деңгейде - Еуропа бойынша орташа есеп 52%-дан 45%-ға дейін және Өзбекстанда 13%.

Тұтастай алғанда, STADA Health Report 2023 зерттеуінің деректері Қазақстанның Еуропа елдерінің көпшілігі сияқты денсаулық сақтау саласындағы үрдістерді ұстанатынын айғақтайды. Саяси және экономикалық турбуленттіліктің осы қиын кезеңінде қазақстандықтар дәріханаларға жиі барып, профилактикалық медициналық тексеруден өте бастады, дегенмен олар дәрі-дәрмектерге, сауықтыру рәсімдеріне, дәрумендер мен спортқа шығындарды азайтуға мәжбүр болды. Бұл ретте қазақстандықтардың жартысынан көбі скринингтің қандай түрлері қажет екенін, медициналық қызметтердің қымбат екені мен уақыттың жетіспеуі себебінен профилактикалық тексерулердің қандай да бір түрінен өтпейтінін атап өтейік. 

Сауалнамаға қатысқан елдердің көпшілігінде денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына қанағаттанудың жалпы деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Бұл ретте Қазақстаннан келген респонденттер, керісінше, ҚР Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын бағалауы жақсарып келеді.

STADA Health Report 2023 зерттеуі Денсаулық сақтау саласының мамандарына адамдардың мінез-құлқын, олардың фармацевтикалық және медициналық сауат деңгейін, олардың қажеттіліктері мен денсаулығына қатысты алаңдаушылығын жақсырақ түсінуге көмектесетін деректерді қамтиды, бұл жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға, оны эмпатикалық және халықтың мүдделеріне бағытталған жүйеге айналдыруға мүмкіндік береді. Зерттеу, сонымен қатар, журналистерге денсаулық сақтау тақырыбында материалдар мен ой-талқы дайындауына көптеген ақпарат береді. Зерттеу деректері STADA компаниясына науқастар мен денсаулық сақтау саласы мамандарының қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және халықтың денсаулығына қамқорлық жасау миссиясын толық орындауға көмектеседі. Компаниялар бұл жұмысты алдағы жылдары да жалғастыруға ниетті.

Read 2612 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top