Сериялары бойынша есепке алуға өту кезінде пайдаланушы медикаменттер түскен сайын дәрілік заттың сериялық нөмірі және жарамдылық мерзімі сияқты қосымша ақпараттарын енгізіп отыруы керек.
Сериясы бойынша есепке алынатын тауарлардың түсімін тіркеу кезінде номенклатурасын, сипаттамасын (бар болса) көрсеткеннен кейін номенклатурасының сериясы туралы деректерді толтыру қажет.
Маңызды! Сериялық есеп жүргізілетін туаралар үшін Саны жолында арнайы № белігісі көрініп тұрады. Сериясын жазғанға дейін белгі қызыл түспен жазылып тұрады.
Ол үшін толтырылатын позицияның саны жазылатын жолды екі рет басамыз. Серияларды таңдау үлгісі ашылады.
Серияны үлгіге штрихкодты сканерлеу арқылы және қолмен теріп енгізуге болады.
Штрихкодты сканерлеу немесе қолмен теріп жазу кезінде серия бұрын қосылмаған болса, Номенклатура сериясының кестелік бөлігінде жаңа жол пайда болады, ол жердегі Серия деректемесіне автоматты түрде Жаңа мән жазылады. Әрі қарай серия нөмірін, жарамдылық мерзімін, сертификат туралы деректерді, жеткізушіні, тауарды шығарушы елді және тауар санын көрсету қажет.
Егер серия бұрын жазылған болса, сканерлеу кезінде ол тіркелген серия ретінде автоматты түрде қойылады.
Аталған жағдайда қолмен енгізу барысында Серия деректемесі үшін анықтамадағы тіркелген мәнді қолмен теріп жазу қажет.
Бұл жағдайда серия туралы барлық ақпарат автоматты түрде толтырылады. Пайдаланушы тек тауардың санын көрсетеді.
Пәрмен панелінде серияны тіркеу кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда белгіленген серияны жөндейтін пәрмен бар.
Серияны тіркеуді аяқтағаннан кейін Сақтау пәрменін қолдану қажет.
Осыдан кейін енгізілген деректер түсу құжатына ауысады.
Маңызды! Түсетін медикаменттердің сериясы(лары) дұрыс көрсетілгеннен кейін № белгісі жасыл түспен жазылатын болады.
Осылайша, 1С:Қазақстанға арналған дәріхана конфигурациясы сериялық нөмірлері мен жарамдылық мерзімдері бойынша ақпараттарды көрсете отырып медикаменттерді есепке алуды автоматтандыру мүмкіндігін береді.