Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Контакты редакции: +7 701 799 24 83.

Среда, 04 октября 2023

1С: Қазақстанға арналған дәріханада сериялық есепке алынған тауарлардың түсімін қалай рәсімдеуге болады?

Оцените материал
(3 голосов)

Сериялары бойынша есепке алуға өту кезінде  пайдаланушы медикаменттер түскен сайын дәрілік заттың сериялық нөмірі және жарамдылық мерзімі сияқты қосымша ақпараттарын енгізіп отыруы керек.

Сериясы бойынша есепке алынатын тауарлардың түсімін тіркеу кезінде номенклатурасын, сипаттамасын (бар болса) көрсеткеннен кейін номенклатурасының сериясы туралы деректерді толтыру қажет.

1c 09 2023 01

Маңызды! Сериялық есеп жүргізілетін туаралар үшін Саны жолында арнайы № белігісі көрініп тұрады. Сериясын жазғанға дейін белгі қызыл түспен жазылып тұрады.

Ол үшін толтырылатын позицияның саны жазылатын жолды екі рет басамыз.  Серияларды таңдау үлгісі ашылады.

1c 09 2023 02

Серияны үлгіге штрихкодты сканерлеу арқылы және қолмен теріп енгізуге болады.

Штрихкодты сканерлеу немесе қолмен теріп жазу кезінде серия бұрын қосылмаған болса, Номенклатура сериясының кестелік бөлігінде жаңа жол пайда болады, ол жердегі Серия деректемесіне автоматты түрде Жаңа мән жазылады. Әрі қарай серия нөмірін, жарамдылық мерзімін, сертификат туралы деректерді, жеткізушіні, тауарды шығарушы елді және тауар санын көрсету қажет.

1c 09 2023 03

Егер серия бұрын жазылған болса, сканерлеу кезінде ол тіркелген серия ретінде автоматты түрде қойылады.

Аталған жағдайда қолмен енгізу барысында Серия деректемесі үшін анықтамадағы тіркелген мәнді қолмен теріп жазу қажет.

 1c 09 2023 04

Бұл жағдайда серия туралы барлық ақпарат автоматты түрде толтырылады. Пайдаланушы тек тауардың санын көрсетеді.

Пәрмен панелінде серияны тіркеу кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда белгіленген серияны жөндейтін  пәрмен бар.

1c 09 2023 05

Серияны тіркеуді аяқтағаннан кейін Сақтау пәрменін қолдану қажет.

1c 09 2023 06

Осыдан кейін енгізілген деректер түсу құжатына ауысады.

1c 09 2023 07

Маңызды! Түсетін медикаменттердің сериясы(лары) дұрыс көрсетілгеннен кейін № белгісі жасыл түспен жазылатын болады.

Осылайша, 1С:Қазақстанға арналған дәріхана конфигурациясы сериялық нөмірлері мен жарамдылық мерзімдері бойынша ақпараттарды көрсете отырып медикаменттерді есепке алуды автоматтандыру мүмкіндігін береді.

Просмотров 2099 раз

Контакты

ТОО «PharmReview». 

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top