Қатысушылар АРВ-препараттарына және созылмалы гепатитті емдеуге арналған препараттарға, АИТВ мониторингі мен анықтауға арналған диагностикалық құралдарға қолжетімділікті кеңейту мәселелерін талқылады.
Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі-жаңа АРВ-препараттарын тіркеу мәселесі. Қызықтыратын сұрақтарға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінін Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Кенжебек Түлешов жауап берді.
Комитет өкілі қатысушыларды республика аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімімен таныстырды, тіркеу кезінде кездесетін мәселелерді талқылады және оларды шешу жолдарын түсіндірді.
Сондай-ақ, кездесуде зияткерлік меншік тақырыбы қарастырылды. Комитет өз тарапынан мәселені Әділет министрлігімен бірлесіп қарауға және мәжбүрлі(айрықша емес) лицензияны беру тетігін әзірлеу бөлігінде ынтымақтасуға дайындығын білдірді. Бұл жұмыс ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және айрықша құқықтарды теріс пайдалануға қарсы күрес шеңберінде жүргізіледі.