ЕЭК атап өткендей, тіркеу рәсімдерін жеңілдету форумдар мен конференциялардың пікірталас алаңдарында, бизнеспен кездесулерде үнемі талқыланады.
Мұндай оңайлату мүмкіндігі отырыс барысында Комитет мүшелері қараған және мақұлдаған «медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешімінің жобасында көзделеді.
Құжатта қағидалардың бірқатар ережелерін түзету көзделеді, атап айтқанда, референттік мемлекетте 5 жылдан астам уақыт тіркелген сәйкестендіру рәсімі шеңберінде дәрі-дәрмектерді мерзімсіз тіркеу куәліктерін беру қағидалары өзгертілді. Бұл ретте тіркеу деректеріне сәйкестендіру рәсімімен бір мезгілде өзгерістер енгізу мүмкіндіктері оңтайландырылды.
Бұдан басқа, өзгерістермен ЕАЭО нарығында өтініш білдіріп жүрген дәрі-дәрмектерге қатысты тіркеу дерекнамасының құрамында ұсынылатын құжаттардың көлеміне қойылатын талаптар нақтыланды.
Жоба алқа отырысында 2023 жылдың IV тоқсанында қаралады, содан кейін оны мақұлдау туралы өкім қабылданады.