3-тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Медициналық бұйымның сериясын (партиясын) тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 3 тамыздағы № 32-Қ қаулысының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің иелеріне, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке хабарласын.
3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық бұйымына берілген өнімнің сәйкестік сертификатының қолданысын қайта басталсын.
4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
7. Негіздеме: «Тест Медикал» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 90 хаты.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы Л. Қашқымбаева.