БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшасымен бекітілген Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында (бұдан әрі – Стандарт):
5, 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат саны осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ұсынылатын штат санын ескеріле отырып белгіленеді.
6. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ұсынылатын жарақтандыру ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, медициналық ұйымнан тыс, шұғыл және жоспарлы нысандарда көрсетіледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Операция кезінде анестезиолог-реаниматолог операция аяқталғанға дейін операция бөлмесінде болады. Операцияның ұзақтығы 6 сағатқа созылған кезде басқа анестезиолог-реаниматологпен міндетті түрде ауыстыра отырып, әрбір 2-3 сағат жұмыс істеген сайын 20-30 минуттық үзіліске жол беріледі.
Операцияның ұзақтығы 6 сағаттан асқан кезде анестезиологиялық бригаданы ауыстыру жұмыстың әр 6 сағаты сайын жүзеге асырылады.";
43-тармақта:
5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) операция алдында пациенттің жағдайының ауырлығын бағалау, ағзаның компенсациялау дәрежесін және организм жүйелерінің, организмнің жеке бейімделу мүмкіндіктерін анықтау, жағдайы ауыр пациенттерде волемия дәрежесін, жүрек шығарымын, төменгі қуыс венаның толтырылуын, диастолалық қысымды (параметрлерін анықтауда техникалық мүмкіндік болса), орталық веноздық қысымды, диурезді көрсете отырып, операциялық-анестезиологиялық қауіп дәрежесін айқындауды;";
2-тарауының 4-параграфы алып тасталсын;
Стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 қыркүйекте № 33399 болып тіркелді.