Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 14 Қазан 2024

Қазақстанда 1 типті нейрофиброматоз кезінде ота жасауға келмейтін плексиформды нейрофибромаларды емдеуге арналған Коселуго® препараты тіркелді Featured

Rate this item
(0 votes)

tabl 03 2022 01«АстраЗенека» компаниясы шығарған Коселуго® (селуметиниб) препараты 1 типті нейрофиброматозы (НФ1) бар 3 жастан асқан балалар жасындағы пациенттерде симптомдық ота жасауға келмейтін плексиформды нейрофибромаларды (ПН) емдеуге арналған монотерапия ретінде көрсетілген.

1 типті нейрофиброматоз (НФ1) – бүкіл әлем бойынша 3000 жаңа туған нәрестеге шаққанда 1 жиіліктегі популяцияда кездесетін ең көп таралған генетикалық аурулардың бірі1,2. НФ1 дамуының себебі нейрофибромин ақуызын кодтайтын NF1 генінің зақымдануы болып табылады. Нәтижесінде дефекті бар нейрофибромин синтезделеді, ол ісіктің өсуін жеткілікті түрде тежемейді және кейбір жағдайларда бақыланбайтын жасуша пролиферациясын тудырады. НФ1 пациенттерінің 30-50%-ында перифериялық жүйке қабықшаларынан түзілетін (плексиформды нейрофибромалар) ісіктер пайда болады, олар сыртқы келбеттің өзгеруі, қозғалыстағы бұзылулар, ауырсыну, тыныс алу жолдарының дисфункциясы, көру қабілетінің бұзылуы, жұтылу, қуық пен ішек проблемалары сияқты клиникалық мәселелерге әкелуі мүмкін, сонымен қатар бұл ісіктер перифериялық жүйке қабықтарының қатерлі ісіктеріне айналуы ықтимал4-7,13.

Селуметиниб – MEK ферментінің пероралды селективті ингибиторы, митогенмен белсендірілген протеинкиназа сигнал беру жолының құрамдас бөліктерінің бірі, оның бітелуі жасушалардың өсуі мен көбеюін тежейді. Препарат SPRINT клиникалық зерттеуінде өз тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті, осы жағдайда ол НФ1 және ота жасауға келмейтін ПН бар 2 жастан асқан балаларда қолданылды. Селуметиниб кей балалардағы ісік көлемін едәуір азайтып қана қоймай, сонымен қатар ауырсыну синдромын төмендетіп, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартты, ал жағымсыз құбылыстардың көпшілігі жеңіл және орташа сипатта болды14.

Владимир Казаков, Қазақстандағы «АстраЗенека» «Онкология және сирек кездесетін аурулар» бағытының медициналық жетекшісі: «Ұзақ уақыт бойы ауруды емдеудің жалғыз әдісі хирургиялық операция ғана болып келді, алайда отаны орындау белгілі бір қауіп-қатерлермен байланысты және әрдайым мүмкін бола бермейды, сонымен қатар рецидивтер де ұшырасуы ықтимал. Селуметиниб плексиформды нейрофибромалардың өсуі мен прогрессиясын тежеуге қабілетті дәрі-дәрмектерге деген қажеттілікке жауап ретінде шығарылды. Нақты генетикалық мутацияларға бағытталған емдеу әдістерін әзірлеу біздің компания қызметінің негізгі және перспективалы бағыттарының бірі болып табылады. Препаратты Қазақстанда тіркеу емделуге мұқтаж барлық балалар үшін мақсатты патогенетикалық терапияның қолжетімділігін жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз».

Қазақстанда жыл сайын НФ1 бар 130-ға жуық бала өмірге келді, олардың әрбір үшіншісінде ПН10 дамуы мүмкін (бұл ретте 85% жағдайда ісік ота жасауға келмейтін сипатында есептеліуі мүмкін11). Осылайша, селуметиниб терапиясына бастапқыда жыл сайын шамамен 30-35 жаңа бала пациенттері қажет болады.

НФ1
НФ1 NF1генінің кенеттен немесе жүре пайда болған мутациясы нәтижесінде дамиды және көптеген белгілермен сипатталады, соның ішінде теріде және тері астындағы жұмсақ ісіктердің пайда болуын (тері нейрофибромалары) және пигментация («café au lait» сүт қосылған кофе түс дақтары деп аталады) ескерген абзал. 30-50% жағдайда пациенттерде 1плексиформды нейрофибромалар пайда болады1,3,12,13. Мұндай түзілімдер ауырсыну, қозғалыс бұзылыстары, тыныс алу жолдарының дисфункциясы, қуық пен ішектің бұзылуы, сыртқы түрінің өзгеруі, сондай-ақ ісіктер сияқты клиникалық белгілерді тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, перифериялық жүйке қабықтарындағы қатерлі ісіктерге де айналу қаупі бар. ПН әр түрлі ауырлық дәрежесімен ерте балалық шақта дами түседі және өмір сүру ұзақтығын 8-15 жылға қысқарта алады4-7,13.

Селуметиниб препараты

Селуметиниб митогенмен белсендірілген протеинкиназа (MEK1/28 изоформасының 1 және 2 селективті ингибиторы. Селуметиниб MEK белсенділігі мен RAF-MEK-ERK жолын блоктайды. Осылайша, MEK тежелуі RAF-MEK-ERK жолы белсендірілген ісік жасушаларының пролиферациясы мен өмір сүруіне тосқауыл қоюы мүмкін15.

2019 жылдың сәуірінде АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) препаратқа серпінді терапия мәртебесін берді16.

2024 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасында медициналық қолдануға арналған препаратты мемлекеттік тіркеу және оны дәрілік заттардың мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданды. 8

SPRINT зерттеуі

SPRINT II фазалық зерттеуі селуметиниб монотерапиясына объективті жауап беру жиілігін, сондай-ақ оның ота жасауға келмейтін ПН пациенттерінің педиатриялық популяциясындағы функционалдық көрсеткіштерге әсерін бағалау үшін жүргізілді. Зерттеу «АстраЗенека» компаниясы мен Ұлттық онкология институты (NCI) арасындағы Нейрофиброматоз терапиясын жедел дамыту бағдарламасының (NTAP) қосымша қолдауымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы келісім аясында жүргізілді.

«АстраЗенека» компаниясы туралы

«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде, Ұлыбританияда, орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде жұмыс істейді және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады. Компания жаңалықтарын astrazeneca.kz сайтынан оқыңыз.

Дереккөздер тізімі:

1. Net. Neurofibromatosis Type 1. Доступно по ссылке: https://www.cancer.net/cancer-types/neurofibromatosis-type-1. По состоянию на октябрь 2024 г.

2. National Human Genome Research Institute. About Neurofibromatosis. Доступно по ссылке: https://www.genome.gov/Genetic-Disorders/Neurofibromatosis. По состоянию октябрь 2024 г.

3. Hirbe AC, Gutmann DH. Neurofibromatosis type 1: a multidisciplinary approach to care. Lancet Neurol. 2014;13:834-43. doi: 10.1016/S1474-4422(14)70063-8.

4. Dombi E, Baldwin A, Marcus LJ, et al. Activity of selumetinib in neurofibromatosis type 1-related plexiform neurofibromas. N Engl J Med. 2016;375:2550-2560. doi: 10.1056/NEJMoa1605943.

5. Mayo Clinic. Neurofibromatosis. Доступно по ссылке: https://www.mayoclinic.org/diseases-conditions/neurofibromatosis/symptoms-causes/syc-20350490. По состоянию на октябрь 2024 г.

6. NHS. Neurofibromatosis Type 1, Symptoms. Доступно по ссылке: https://www.nhs.uk/conditions/neurofibromatosis-type 1/symptoms. По состоянию на октябрь 2024 г.

7. Gross AM, et al. Selumetinib in Children with Inoperable Plexiform Neurofibromas. N Engl J Med. 2020 Apr 9;382(15):1430-1442. doi: 10.1056/NEJMoa1912735.

8. Селуметиниб. Государственный реестр лекарственных средств. Доступно по ссылке: http://register.ndda.kz/category/search_prep По состоянию на октябрь 2024 г.

9. Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Доступно по ссылке: https://stat.gov.kz/ru/news/o-rozhdaemosti-v-2023-godu/ По состоянию на октябрь 2024 г.

10. Friedrich R.E., Schmelzle R., Hartmann M., Fünsterer C., Mautner V.-F. Resection of small plexiform neurofibromas in neurofi bromatosis type 1 children. World J Surg Oncol 2005;3(1):6. doi: 10.1186/1477-7819-3-6.

11. Needle M.N., Cnaan A., Dattilo J., Chatten J., Phillips P.C., Shochat S., Sutton L.N., Vaughan S.N., Zackai E.H., Zhao H., Molloy P.T. Prognostic signs in the surgical management of plexiform neurofibroma: the Children’s Hospital of Philadelphia experience, 1974–1994. J Pediatr 1997;131(5):678–82. doi: 10.1016/s0022-3476(97)70092-1.

12. Jett K, Friedman JM. Clinical and genetic aspects of neurofibromatosis 1. Genet Med. 2010:12(1):1-11. doi: 10.1097/GIM.0b013e3181bf15e3. PMID: 20027112.

13. Ghalayani P, Saberi Z, Sardari, F. Neurofibromatosis Type I (von Recklinghausen's Disease): A Family Case Report and Literature Review. Dent Res J. 2012;9(4):483-488.

14. Selumetinib in Children with Inoperable Plexiform Neurofibromas, Gross AM et al NEJM 2020;382:1430-1442.

15. Koselugo (selumetinib) [prescribing information]. Wilmington, DE: AstraZeneca Pharmaceuticals LP; 2020.

16. Center for drug evaluation and research. Application number: 213756Orig1s Доступно по ссылке https://www.accessdata.fda.gov/drugsatfda_docs/nda/2020/213756Orig1s000AdminCorres.pdf По состоянию на июнь 2019 г.

Read 1316 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top