Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 28 Ақпан 2024

Қазақстан өндірілген дәрілерді дүниежүзілік сауда ұйымы елдеріне экспорттай алады Featured

Rate this item
(0 votes)

tabs pharmreview 02 2024 03Мәжіліс зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

 

Түзетулер басқа елге экспорттау кезінде патентпен қорғалған дәрілік заттарды өндіруге міндетті лицензияларды беру шарттарын нақтылайды. Бұған дейін оларды тек ішкі нарыққа шығаруға рұқсат етілген.

Енді Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше кез келген мемлекет міндетті лицензия бойынша өндірілген өнімді экспорттай алады. Бірақ мұндай дәрі-дәрмек өндірісі халықтың денсаулығын сақтау мақсатында жүргізіледі, яғни коммерциялық мақсатта емес.

Хаттаманы 2005 жылғы 6 желтоқсанда Женевада ДСҰ мүшелерінің үштен екісі қабылдап, 2017 жылғы 23 қаңтарда күшіне енді. Қазіргі уақытта оны 164 мемлекеттің 111-і, соның ішінде Австралия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Жапония және басқа да елдер ратификациялады. Қалған елдер мұны 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін орындауы керек.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Read 1156 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top