Қағидалары онлайн-жарнаманы таңбалау тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн- платформаны пайдаланушы;
2) онлайн-жарнама – онлайн-платформаларды пайдаланушылар және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері таргеттелген жарнама және (немесе) демеушілік контент, және (немесе) өзге де ақпарат түрінде жасайтын және (немесе) орналастыратын, және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын, тұлғалардың беймәлім тобына арналған онлайн-платформалардағы жарнама;
3) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі;
4) таргеттелген онлайн-жарнама – профайлинг негізінде айқындалатын нысаналы топтарға арналған және пайдаланушыларды қамтуды ұлғайтуға және (немесе) оның басымдығын, оның ішінде онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесін пайдалана отырып арттыруға бағытталған онлайн-жарнама.
Инфлюенсер (блогерлер) коммерциялық және (немесе) шарт негізінде орналастыратын, оның ішінде егер:
1) инфлюенсер (блогер) жарнама беруге немесе жарнама таратуға қатысушы не жарнама берушінің немесе жарнама таратушының акционері болып табылса;
2) инфлюенсер (блогер) жарнамаланатын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді пайдаланудың эксклюзивті шарттарын алса;
3) контентте акциялар жасалған және (немесе) бағасы төмендетілген тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге сілтемелер, сондай-ақ интернет-ресурстарға, жарнама берушінің немесе жарнама таратушының онлайн- платформалардағы аккаунттарына сілтемелер қамтылса, онлайн-жарнама таңбалануға жатады.
Таңбалау оны сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта жүзеге асырылады.
Онлайн-жарнама дыбыстық немесе аудиокөрнекі нысанда таратылған және (немесе) орналастырылған жағдайда, таңбалау онлайн-жарнаманың алдында жүзеге асырылады.
Таңбалауда орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқама болады.
Мәтіндік нұсқамада мынадай тұжырымдамалардың бірін қамтиды:
- «жарнама»;
- «жарнамалық материал»;
- «серіктестік материал»;
- «демеушілік материал»;
- «жарнама құқығында»;
- «демеушімен төленген»;
- «PR құқығында»;
- «реклама»;
- «рекламный материал»;
- «партнерский материал»;
- «спонсорский материал»;
- «на правах рекламы»;
- «оплачено спонсором»;
- «на правах PR».
Мыналар:
1) лездік хабар алмасу сервисінде орналастырылатын онлайн-жарнама;
2) телерадиоарналардың онлайн-платформалардағы аккаунттарында орналастырылған теле-радио бағдарламалардағы немесе олардың фрагменттеріндегі жарнама;
3) әлеуметтік жарнама таңбалануға жатпайды.
Онлайн-платформаларда орналастырылған таргеттелген онлайн-жарнама онлайн-платформаның техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, автоматты режимде дербес таңбаланады.