Біз бес өнімнің 23 партиясы туралы айтып отырмыз: ALERGO сиропы, EMIDONE суспензиясы, MUCORID сиропы, ULCOFIN суспензиясы және ZINCELL сиропы. Жоғарыда аталған барлық препараттарды PHARMIX LABORATORIES (PVT.) LTD, Пәкістан өндіреді.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аталған препараттар Қазақстан Республикасының Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмегенін ресми түрде мәлімдейді.
Айта кетейік, ДДСҰ хабарламасында дәрі-дәрмектердің құрамында диэтиленгликоль мен этиленгликоль бар екендігі айтылған.
Ішке қабылдаған кезде диетиленгликоль және этиленгликоль адамдар үшін улы болып табылады және өлімге әкелетін улануға әкелуі мүмкін.
Улану белгілеріне іштің ауыруы, құсу, диарея, зәр шығарудың қиындауы, бас ауруы, психикалық жағдайдың өзгеруі және өлімге әкелуі мүмкін бүйректің жедел зақымдануы жатады.
Жоғарыда аталған дәрі-дәрмектер республика нарығында табылған жағдайда қазақстандықтарды бұл туралы дереу Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның орналасқан жері бойынша аумақтық департаменттеріне хабарлауға шақырамыз.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ Қазақстанда тіркелмеген NATURCOLD және COLD OUT жөтелінен сироптардың қауіптілігі туралы ескерткен болатын.
Дереккөз: Medical Product Alert №8/2023: Substandard (contaminated) syrup and suspension medicines (who.int)