Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 10 Қыркүйек 2024

Денсаулық сақтау министрлігі емханалардағы жалған құжат толтырумен күрес үшін face-ID енгізеді Featured

Rate this item
(1 Vote)

pharmreview kz 08 2024 04Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті бұрамалаудың (жалған құжат толтыру) алдын алу бойынша қабылданып жатқан жаңа шаралар туралы баяндады.

Жалған құжаттармен күрестегі негізгі құрал – науқастарға медициналық қызметтерді көрсету фактісін растайтын Face-ID енгізуді қоса алғанда басқа да цифрлық технологиялар болмақ.

Министрлік Астанадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емхана базасында пилоттық жобаны іске қосты. Жоба аясында науқастар Face-ID және веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін анықтайтын болады, бұл оларға көрсетілген қызмет туралы деректердің бұрмалануына жол бермеуге септік етеді.

«Осы жылдың соңына дейін біз Астанада пилоттық жобаны іске асырамыз, ал 1 қаңтардан бастап оны бүкіл республика бойынша ауқымын кеңейтіп таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл жалған құжат толтыруды түбірімен жоқ қылатын тиімді құрал болады», - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Биометриялық жеке бас сәйкестігін анықтау жүйесі көрсетілген қызметтерді нақты тіркеуді қамтамасыз етеді, бұл науқастардың дәрігерге қаралуы туралы жалған есеп жазуға мүмкіндік бермейді, сәйкесінше бюджет қаржысының да, сақтандырылған азаматтардың жарнасының да мақсатсыз жұмсалуының алдын алады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Read 866 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top