Тараптар басым жобаларды қаржыландыру мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Соның ішінде Кувейт Араб экономикалық даму қоры өз қаржысын сала отырып, инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі. ОРЕС халықаралық даму қоры таяудағы үш жылда сомасы 2 млрд доллардан асатын, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыруға дайын екенін баяндады. Сауд Арабиялық даму қоры UMC корпоративтік қорының базасында балалар хирургиялық орталығының құрылысын жобаны қосалқы қаржыландыру мүмкіндігін қарастыра отырып салуға қызығушылық танытты. Катар даму қоры жыл сайын 2-3 млн сомасына шағын жобаларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
«Бұл уағдаластықтар біздің алдымыздан денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз қысқа мерзімде жобаларды жүзеге асыра бастауды жоспарлап отырмыз, бұл медициналық қызметтерді Қазақстан халқы үшін анағұрлым қолжетімді ете түсуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Араб үйлестіру тобы қорымен ынтымақтастық- елдің медициналық инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту жолындағы министрліктің тағы бір маңызды қадамы, деп қорытындылады сөзін ведомство басшысы.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.