Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 02 Сәуір 2024

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Featured

Rate this item
(2 votes)

pharm pharmreviews 07 2023Заңды тұлға өзінің өмір аралығында және медицина саласындағы қызметі кезеңінде заңда белгіленген негіздер және тәртіптер бойынша заңды тұлғаны қайта тіркей алады. Қайта тіркеу кезінде қолданыстағы рұқсат құжатын – «Медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны» Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 33, 34-баптарының негізінде қайта ресімдеу қажет. Мұны қалай жасау керектігі туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қысқаша нұсқаулар берді.


Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш медициналық қызметтің лицензиары болып табылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің аумақтық департаменттеріне беріледі.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;

2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

3) заңды тұлға-лицензиат Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;

4) заңды тұлға-лицензиаттың, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға-лицензиат филиалының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);

5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңның 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;

6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

Рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.

Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:

1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;

2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;

3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін;

4) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады.

Заңың 33 бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге тиіс.

Лицензияны Заңның 33 баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта ресімдеген жағдайда, өтініш берушінің лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беру мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.

Заңның 34-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қажеттігі көзделсе, осы талаптарға сәйкес келмеу де лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

В соответствии с ней, заявление на переоформление лицензии и (или) приложения к лицензии подается в территориальные органы Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан, являющиеся лицензиаром медицинской деятельности.

Лицензия и (или) приложение к лицензии подлежат переоформлению в следующих случаях:

1) изменения фамилии, имени, отчества (при его наличии) физического лица-лицензиата;

2) перерегистрации индивидуального предпринимателя-лицензиата, изменении его наименования или юридического адреса;

3) реорганизации юридического лица-лицензиата в соответствии с порядком, определенным статьей 34 Закона;

4) изменения наименования и (или) места нахождения юридического лица-лицензиата, филиала иностранного юридического лица-лицензиата, предметом деятельности которого является оказание финансовых услуг (в случае указания адреса в лицензии);

5) отчуждения лицензиатом лицензии, выданной по классу «разрешения, выдаваемые на объекты», вместе с объектом в пользу третьих лиц в случаях, если отчуждаемость конкретной лицензии предусмотрена приложением 1 к Закону;

6) изменения адреса места нахождения объекта без его физического перемещения для лицензии, выданной по классу «разрешения, выдаваемые на объекты» или для приложений к лицензии с указанием объектов;

7) наличия требования о переоформлении в законах Республики Казахстан.

Действия подпунктов 2), 4) и 6) части первой настоящего пункта статьи 33 Закона не распространяются на случаи, когда изменения юридического адреса индивидуального предпринимателя-лицензиата, адреса места нахождения юридического лица-лицензиата, адреса места нахождения объекта для лицензии, выданной по классу «разрешения, выдаваемые на объекты», или для приложений к лицензии с указанием объектов произошли в связи с изменением наименования населенных пунктов, названия улиц в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан». Такие изменения адреса лицензиатов и объекта лицензии осуществляются посредством интеграции государственных информационных систем.

В случае изменения наименования вида и (или) подвида деятельности, для которых введен разрешительный порядок, лицензиат имеет право подать заявление на переоформление лицензии и (или) приложения к лицензии.

Лицензиат, имеющий лицензию на вид деятельности, по которому произошло изменение наименования, вправе получить приложение к лицензии в случае ее предварительного переоформления.

Для переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии заявитель должен предоставить следующие документы:

1) заявление по форме, утверждаемой уполномоченным органом в сфере разрешений и уведомлений, Национальным Банком Республики Казахстан или уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций;

2) для случаев переоформления лицензии – документ, подтверждающий уплату лицензионного сбора, за исключением оплаты через платежный шлюз «электронного правительства»;

3) копии документов, содержащих информацию об изменениях, послуживших основанием для переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии, за исключением документов, информация из которых содержится в государственных информационных системах;

4) иные документы, представление которых предусмотрено законами Республики Казахстан.

Заявление о переоформлении лицензии и (или) приложения к лицензии должно быть подано заявителем в течение тридцати календарных дней с момента возникновения изменений, послуживших основанием для переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии.

В случае переоформления лицензии по основанию, предусмотренному подпунктом 7) пункта 1 статьи 33 Закона, срок для подачи заявителем заявления о переоформлении лицензии устанавливается законами Республики Казахстан.

При переоформлении лицензии и (или) приложения к лицензии лицензиар не проверяет соответствие заявителя квалификационным требованиям, если иное не установлено законами Республики Казахстан, за исключением переоформления по основаниям, предусмотренным пунктами 4 и 5 статьи 34 настоящего Закона.

Лицензиар может отказать в переоформлении лицензии и (или) приложения к лицензии, по основаниям, предусмотренным подпунктами 1), 2), 4), 5), 6) и 7) пункта 1 статьи 33 Закона, в случае непредставления или ненадлежащего оформления документов, указанных в пункте 3 статьи 33 Закона.

pharm avatarkaФармацевтическое обозрение Казахстана.

НАШ КАНАЛ В TELEGRAM

Read 1663 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top