Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 02 Сәуір 2024

Ербол Оспанов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды Featured

Rate this item
(0 votes)

e ospanovҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Дүйсебайұлы Оспанов бұрынғы қыметінен босатылып, денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазтеміржолкөлікжобалау» АҚ-да инженер болып бастады.

«Қазақстан темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жоба жетекшісі, «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» АҚ-да жетекші инженер-жобалаушысы болып қызмет атқарды.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Фото дереккөзі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми интернет-ресурсы.

Read 531 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top