Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 06 Ақпан 2024

Әйелдердің денсаулығына қамқорлық жасау Gedeon Richter компаниясының ең маңызды қызметінің бірі Featured

Rate this item
(0 votes)

gr 02 2024 011 ақпан күні, Алматы қаласында Gedeon Richter Қазақстанның бастамасымен «Жекелендірілген тәсіл – клиникалық жағдайларды талдау» тақырыбында конференция өтті.

Конференция қонағы ретінде, жоғары санатты акушер-гинеколог, гинеколог-эндокринолог, медицина ғылымдарының кандидаты, Харьков жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру медициналық академиясының перинатология, акушерлік және гинекология кафедрасының доценті, Отбасы құруды жоспарлау бойынша кеңесші Татьяна Анатольевна Струк баяндама жасады.

Баяндамашы өз сөзінде құнды тәжірибемен және акушерлік және гинекология саласындағы соңғы клиникалық жаңалықтармен бөлісті.

Конференцияға қатысушылар іс-шараның кәсіби деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастырушылар мен баяндамашыға ұсынылған құнды материалдар үшін алғыстарын білдіріп, кәсіби біліктілікті арттыру үшін мұндай шаралардың қажеттігін баса айтты.

120 жылдан астам уақыт бойы Gedeon Richter әйелдердің денсаулығын қорғау үшін жұмыс жасап келеді, компания стероидты химия саласындағы тәжірибесімен мойындалған және әйелдер денсаулығы саласындағы әлемдік деңгейдегі сарапшы.

Read 955 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top