Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 06 Ақпан 2024

ҚР ДСМ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарлады Featured

Rate this item
(0 votes)

ofice 06 2022 600Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрлікте жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.

Аккредиттеу алу үшін өтініш беруші Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және (немесе) ұйым мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші Министрлікке аккредиттеу туралы куәліктің екі көшірмесін де ұсынады.

Министрлік аккредиттеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамына енгізіледі. Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелері кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама қорытындыларын ұсыну және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру құқығын алады.

Министрлікте аккредиттеуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілері және өзге де коммерциялық емес ұйымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша ұсынады.

Хабарландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында 2024 жылғы 2 ақпанда жарияланған.

Read 921 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top