Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 10 Қараша 2023

Қазақстанда қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам науқас бар Featured

Rate this item
(3 votes)

sd 11 20239 қарашада Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің, эндокринолог-дәрігерлер мен пациенттік ұйымдардың қатысуымен Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған Ұлттық баспасөз-конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС компаниясының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болды. Жиынның талқылауы елдегі қант диабетінің ауыртпалығы тақырыбына және осы кеселмен күресуде Үкіметтің, медициналық қауымдастықтың, бизнестің және пациент ұйымдарының бірлескен шешімдерін іздеуге арналды. 

Жыл сайын 14 қарашада Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні атап өтіледі, дәл осы күні Нобель сыйлығының лауреаты, инсулиннің негізгі әзірлеушілерінің бірі - Фредерик Бантинг дүниеге келген. Халықаралық диабет федерациясының (IDF) мәліметтері бойынша әлемде шамамен 537 миллион адам қант диабетінен зардап шегеді[1]. ҚР-да бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам пациент бар, ал жыл сайын 18 мыңнан 30 мыңға дейін осы дертке шалдығудың жаңа жағдайлары тіркеледі[2]. Қазақстан және әлем бойынша эпидемиологиялық деректер сырқаттанушылық ауыртпалығының тұрақты өскенін және пациенттер санының артқанын растайды. Мәселен, әлемде 2045 жылға қарай 783 млн. пациентте осы кесел тіркеледі деп күтіледі, бұл 2021 жылғы пациенттер санымен салыстырғанда (541 млн.) 46%-ға өсімді құрайды[3]. 

ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі медициналық көмек басқармасының басшысы, Мақсұтова Гүлнар Естаева: «Мемлекет қант диабетімен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсетеді және пациенттерді дәрілік заттармен және қажетті еммен, оның ішінде инновациямен тегін қамтамасыз ету бойынша аймақта жетекші орын алады. Тегін негізде пациенттерге сенімді дәлелді базасы бар препараттардың барлық дерлік топтары қол жетімді. Сонымен қатар, жалпы сақтандыру аясында диагностикалық скринингтер мен қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу да енгізілген».

Қант диабеті Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар аурулардың қатарында және пациенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін терапия ала алады. Қазақстандық клиникалық хаттамалар қант диабетін зерттеу бойынша жетекші кәсіби ғылыми қауымдастықтардың стандарттарына сәйкес келеді және өзектілікті сақтап отыру мақсатында үнемі қайта қаралады.

Адамдардың едәуір бөлігі қант диабетінің өзінде бар екенін білмейді. IDF деректері бойынша, 2021 жылы Қазақстанда қант диабетінің таралуы бойынша 808 мың адам қант диабетімен өмір сүрді, оның ішінде 320 мыңға жуық қазақстандық диагноз қойылмаған қант диабетіне шалдыққан[4]. Конференция барысында ДСМ бас штаттан тыс балалар эндокринологы Әбдуахасова Гүлмира Қасенқызы аурудың дамуының негізгі факторларына қазақстандықтардың өмір салтындағы өзгерістер (аз қозғалыстағы өмір салты, дұрыс тамақтанбау, семіздік, стресс), жалпы урбанизация, тұқым қуалаушылық, бастапқы диагностиканың болмауы және өзге де факторлардың кіретінін атап өтті. Сондай-ақ, қант диабетінің жасару үрдісі мен балалар арасында ауру жағдайының өсу қарқыны байқалады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда 5447 бала есепте тұр5.

Диабеттік Ата-аналар комитетінің президенті, Руслан Зәкиев: Диабеттік ата-аналар комитетінің жұмысы туралы әңгімеледі, комитет пациенттерге күтім көрсету сапасы мен олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қант диабетімен ауыратын адамдарды ақпараттандырумен, қорғаумен айналысады.

Осы баспасөз-конференциясы ҚР ДСМ-нің 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы шараларының, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС қол қойған өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асырудың бір бөлігі болып табылады.

«Ново Нордиск Казахстан» ЖШС компаниясының бас директоры Рана Азфар Зафар: «Әлеуметтік жауапкершілікті сақтайтын бизнестің үлгісі бола отырып, компания қант диабеті саласында үздіксіз медициналық білім беру бойынша жобаларды іске асырады, ғылыми және зерттеу әлеуетін арттыра түседі және қант диабетімен өмір сүретін адамдар үшін терапияның инновациялық әдістерін пайдалана отырып шешімдер ұсынады. «Ново Нордиск Казахстан» ЖШС ересектер мен балаларға арналған қант диабеті туралы ақпараттық материалдарды құруға бастамашылық етеді, ал олар компанияның сайтында қолжетімді. Биыл компания 4 сериядан тұратын «Диабет Достары» балалар мультфильмін қазақ және орыс тілдеріне бейімдеп, оларды 1 типті қант диабеті бар балалар мен олардың ата-аналарының осы кесел туралы хабардарлығын арттыруды басқару мақсатымен денсаулық сақтау министрлігіне тапсырды. Сондай-ақ, биыл және келесі жылы арнайы әлеуметтік ақпараттық кампанияны әзірлеу және оны іске қосу арқылы халықтың қант диабеті туралы хабардарлығын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғаса түседі. Біз ауыр созылмалы аурулармен, соның ішінде қант диабетімен күресте инновацияларды енгізуді жақтаймыз. Бұл - біздің жаһандық миссиямыз және біз құрылғаннан бері 100 жылдан астам уақыт бойы осы қағиданы берік ұстанып келеміз».

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекетке, медициналық қауымдастыққа, бизнеске және пациенттік ұйымдарға Қазақстандағы қант диабетінің ауыртпалығын төмендету және пациенттерді емдеуде үздік нәтижеге қол жеткізу бағытында күш біріктіріп, өзара жәрдемдесудің маңыздылығын атап өтті. 

[1] IFD Diabetes Atlas 2021 – 10th Edition https://diabetesatlas.org/

[2] https://pharm.reviews/stati/aktualnye-intervyu/item/7975-profilaktika-sakharnogo-diabeta-i-ego-oslozhnenij-glavnye-zadachi-stoyashchie-pered-diabetologicheskoj-sluzhboj-rk

[3] https://pharm.reviews/stati/aktualnye-intervyu/item/7975-profilaktika-sakharnogo-diabeta-i-ego-oslozhnenij-glavnye-zadachi-stoyashchie-pered-diabetologicheskoj-sluzhboj-rk

[4] IFD Diabetes Atlas 2021 – 10th Edition https://diabetesatlas.org/data/en/country/103/kz.html

5. Данные главного внештатного детского эндокринолога МЗ РК Абдуахасовой Г. К. на 2022г.

Read 1568 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top