Бұйрық жобасында серияландыру жабдығының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру кезінде қалыптастырылатын сәйкестендіру кодына, атап айтқанда таңбалау коды деректерінің екінші тобына толықтыру енгізілетін 32-тармаққа өзгерістер енгізу көзделген.
Сондай-ақ, жобада кеден қоймаларының тиісті дистрибьюторлық практика стандартының (GDP) талаптарына сәйкестігі қажеттілігі алынып тасталады, таңбалаудың ақпараттық жүйесіне жаңа функционалдың қосылуына және өндірістен тыс қайта тіркеу бойынша тауарлардың қадағалануына байланысты нақтылаулар мен толықтырулар енгізіледі.
Бұдан басқа, қабылдау/беру актілерінің, ішкі орын ауыстыру актісінің, есептердің және таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан енгізу және шығару туралы хабарламалардың нысандары жаңартылады.
Жобаны талқылауы 30 қазанға дейін жүргізіледі.