Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 18 Қазан 2023

2022 жылы дәрі-дәрмектің лимиттен жоғары бағамен сатылған 7 фактісі ғана анықталды Featured

Rate this item
(1 Vote)

drugs 05 2022 02ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабына сәйкес препаратты бекітілген шекті бағадан жоғары сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

2020-2023 жылдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны бақылау шеңберінде 243,9 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағадан асып кетудің 915 фактісі анықталды.

2020 жылы-863 факті бойынша 237,1 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

2021 жылы-шекті бағадан асып кетудің 41 фактісі бойынша 5,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

2022 жылы 7 факті бойынша 1 млн теңге айыппұл салынды.

2023 жылдың 1 жартыжылдығында 4 факт анықталып, 0,6 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 245-бабының 2-тармағына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет монополияға қарсы органмен келісім бойынша бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың сауда атауына шекті бағаларды бекітеді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 465 бұйрығымен дәрілік заттардың 6890 сауда атауының шекті бағасы бекітілді.

Read 818 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top