Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек 2023

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы Featured

Rate this item
(0 votes)

tabl 03 2022 03Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу бекітілді.

Бұл тұжырымдаманы бекіту Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізілді.

Стратегиялық мақсат 2026 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 47 баллға, 2030 жылға қарай 55 баллға қол жеткізу болып табылады.

Құжатта Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеттегі іс-қимылдан қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуге бағытталғаны атап өтілген.

Тұжырымдамада ағымдағы ахуалды талдау, халықаралық тәжірибеге шолу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері, нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер, тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары қамтылады.

Тұжырымдамада мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарына: баршаның заң алдындағы теңдігі мен әділдігі, жариялылығы, ашықтығы мен қоғамға есеп беруі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, оның барлық көріністерінде сыбайлас жемқорлықтан бас тарту және т. б. жатады.

Міндеттерге: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру жатады.

Тұжырымдамада орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін түйінді проблемалар, оның ішінде "тұрмыстық сыбайлас жемқорлық", мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, бюджет қаражатын бөлу процесінің жоғары сыбайлас жемқорлық осалдығы, сатып алудың жеткіліксіз ашықтығы, мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары деңгейі және т. б. көрсетілген.

Әдеп жөніндегі уәкіл "Медициналық комитет департаменті" РММ және фармацевтикалық бақылау бойынша ҚР ДСМ Алматы қаласы бойынша» Г. Байдавлетова

Read 1716 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top