Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 23 Тамыз 2023

Алматы қаласындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай Featured

Rate this item
(0 votes)

spriz 05 2022Қызылшамен сырқаттанған адам басқаларға бөртпе шықпай тұрып 4 күн бұрын және шыққаннан кейін 4 күн ішінде қауіпті. Ауру инфекция жұқтырғаннан кейін 7-18 күн ішінде дамиды. Қазіргі уақытта Алматы қаласында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Бүгінге күнге дейін қызылшаның 1 183 жағдайы тіркелді, оның ішінде 88%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Аурушаңдық негізінен вакцинацияланбаған балалар арасында тіркелетінін, олардың үлес салмағы ауру балалар санының 82%-ын құрайтынын атап өту қажет.

Балалар аурушаңдығы негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен, сондай-ақ вакцинациядан медициналық кейінге шегеру және егу жасына жетпеу себебінен вакцинацияланбағандар арасында тіркеледі.

Қызылша – дене температурасының жоғарылауы, мұрынның ағуы, жөтел сияқты ЖРВИ белгілері бар вирустық ауру, аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады. Ол аса жұқпалылығымен сипатталады және ауа-тамшылы жолмен беріледі.

Инфекция көзі науқас адам болып табылады, қызылшамен ауырған науқаспен қысқа мерзімді байланыста болған барлық дерлік қорғалмаған адамдар жұқтырады.

Қызылшаны емдеудің нақты әдісі жоқ. Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді құралы – уақтылы вакцинация.

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес екпелер балаларға екі рет жүргізіледі: 12-15 айда және 6 жаста.

Вакцинация үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаның өндірісінде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ-ның алдын ала біліктілігі бар.

Алдын алудың жалғыз тиімді шарасы вакцинация екенін ескере отырып, балаларыңызда екпенің болуына назар аудару қажет.

Вакцинация болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті тіркелген жердегі медициналық ұйымда вакцинациялауды ұсынады.

Read 899 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top