Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 22 Тамыз 2023

Кәсіпкерлер медициналық техникаға баға анализын алып тастауды сұрайды Featured

Rate this item
(0 votes)

drugs pharmreview 01 2023«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы медицина саласының бизнес-қоғамдастығымен бірлесіп, медициналық техникаға шекті бағалар анализін қалыптастыруды толығымен алып тастау дұрыс деп санайды.

Медициналық қызметтер департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдрахманованың айтуынша, Ұлттық палатаға осыған байланысты кәсіпкерлерден көптеген өтініш түсіп жатыр.

«Медициналық техниканың шекті бағаларына анализ енгізу халықаралық тәжірибеге қайшы келеді. Өтінімдерді қарау ұзаққа созылады. Сондықтан кәсіпкерлер тендерге қатысуға өтінім беруге үлгермейді және белгіленген мерзімде сату көлемін ұлғайта алмайды. Сонымен қатар, бір жыл ішінде валюта бағамының өсуі салдарынан олар медициналық техниканың бағасын көтере алмайды», – деді Назгүл Қабдрахманова.

Мәселен, ҰКП деректері бойынша Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы жыл басында бу стерилизаторының шекті бағасын – 5,7 млн теңге мөлшерінде белгіледі. Алайда, бір жыл ішінде өндіруші зауыт оның құнын бірнеше рет көтергеннен кейін баға 9,7 млн теңгені құрады. Нәтижесінде кәсіпкер Қазақстанға стрелизаторларды жеткізуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Сонымен қатар, ҚР ҰКП мен бизнес-қоғамдастық жұмысының аралық нәтижесі – осы жылдың шілдесінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаны реттеу, қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын қабылдау болды. Бұл бұйрық шеңберінде ТМККК/МӘМС бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыруға өтінімдерді қарау мерзімдерін 60 күнтізбелік күннен 20 жұмыс күніне дейін, ал медициналық техника бағаларын талдауға 60 күнтізбелік күннен 25 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген.

Отандық медициналық бұйымдар, медициналық өнімді өндірушілер мен жеткізушілер одағының басқарма тең төрағасы Руслан Нұрмұханов медициналық техника бағасының қолданыстағы сараптамасы кәсіпкерлер үшін елеулі тосқауыл болатынын, себебі медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін төмендететінін атап өтті.

«Қазіргі кезде бұл сараптаманың әлеуеті бүкіл ел бойынша сараптама жүргізу үшін жеткіліксіз. Сандық арақатынаста үш мыңға жуық атау сараптамадан өтуі керек. Қазіргі уақытта, менің білуімше, Ұлттық сараптама орталығында бағаны талдайтын үш-төрт сарапшы жұмыс істейді. Тиісінше, адами фактор әрқашан болады, ал адами фактор болған жерде сыбайлас жемқорлыққа жол берілуі мүмкін», – деп толықтырды Руслан Нұрмұханов.

Айта кету керек, «Атамекен» 2022 жылдан бастап ҚР Үкіметі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және басқа да мемлекеттік органдар деңгейінде медициналық техниканың шекті бағаларына анализ қалыптастыруды болдырмау қажеттігі туралы мәселені бірнеше рет көтеріп келеді.

Read 889 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top