Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 26 Шілде 2023

Нұрлан Искаков ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды Featured

Rate this item
(1 Vote)

n iskakovҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Искаков Нұрлан Зайкешұлы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Искаков 1978 жылы Омбы қаласы, Ресей Федерациясында туған.

Ақмола мемлекеттік медицина академиясын(емдеу ісі), «Тұран Астана» университетін(экономист), Халықаралық бизнес академиясын(МВА), Алматы Менеджмент университетін(іскерлік әкімшілендіру магистрі), Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын(іскерлік әкімшілендіру докторы(DBA)) мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының мейіргері болып бастаған.

1999-2002 жылдары - Астана қаласы Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының мейіргері / фельдшері.

2002-2007 жылдары - Астана қ. Апаттар медицинасы орталығының бас маманы, бөлім басшысы.

2007-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің бас маманы.

2008-2009 жылдары - ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында бас сарапшысы.

2009-2012 жылдары - «СК-Фармация» ЖШС бас маманы, құрылымдық бөлімшелерінің басшысы.

2012-2014 жылдары - ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының клиникалық-оңалту кешенінің медициналық технологияларды енгізу бөлімінің бастығы.

2014-2017 жылдары - ҚР ПІБ МО «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ президенті.

2017-2020 жылдары – «Kazakh tourism Ұлттық компаниясы»» АҚ департамент директоры.

2020 жылы «СК-Фармация» ЖШС төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Read 1621 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top