Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 29 Қыркүйек 2023

ЕЭК Алқасы дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына енгізілген өзгерістерді мақұлдады Featured

Rate this item
(3 votes)

drugs 05 2022ЕЭК Алқасы 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 135 өкімімен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын мақұлдады.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын дәрілік заттар жөніндегі комиссияның бейінді сараптама комитетінің отырысында дәрілік препараттардың тіркеу деректерін Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкестендіру рәсімін оңайлату мәселелері қаралды.

Құжатта қағидалардың бірқатар ережелерін түзету көзделеді, атап айтқанда, референттік мемлекетте 5 жылдан астам уақыт тіркелген сәйкестендіру рәсімі шеңберінде дәрі-дәрмектерді мерзімсіз тіркеу куәліктерін беру қағидалары өзгертілді. Бұл ретте тіркеу деректеріне сәйкестендіру рәсімімен бір мезгілде өзгерістер енгізу мүмкіндіктері оңтайландырылды.

Бұдан басқа, өзгерістермен ЕАЭО нарығында өтініш білдіріп жүрген дәрі-дәрмектерге қатысты тіркеу дерекнамасының құрамында ұсынылатын құжаттардың көлеміне қойылатын талаптар нақтыланды.

Келесі кезеңде жобаны Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне қарауға ұсынылады.

Құжатпен сілтеме бойынша танысуға болады:

https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01541258/err_26092023_135

Read 1268 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top