Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 ақпан мен 15 тамыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың іске асырылу барысы орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов