Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 699 қаулысы Featured

Rate this item
(0 votes)

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.

Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналы жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогтарының негізгі персоналы):

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;

біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогтарының негізгі персоналы):

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Мыналарды:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтерін;

мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамын және басқарушы жұмыскерлерін;

мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;

медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

"Ұлттық" мәртебесі бар мемлекеттік мәдениет ұйымдары, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне 1,75 мөлшерінде арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Ішкі істер органдары жүйесінің және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.».

2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов.

ОЗНАКОМИТЬСЯ С ДОКУМЕНТОМ.

Read 2113 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top