Кәсіпорын 1С:Қазақстанға арналған дәріхана конфигурациясында сериялар бойынша есеп жүргізуден бас тартқан жағдайда қатесіз ауысу үшін бірқатар теңшеулер жасалуы тиіс:
Маңызды! Серия бойынша есепке алуды өшірмес бұрын КЖО-да барлық кассалық ауысымдарды жабу керек.
Бұдан кейін, Тауар сериясының (Әкімшілендіру-Номенклатураны теңшеу бөлімі) теңшеуін өшіру керек. Сериялық есепке алудың теңшеуін өшіргеннен кейін Есепке алудан Сериялар бойынша ауысу сілтемесі қолжетімді болады.
Сілтемемеге өтсеңіз Сериялар бойынша ауысу өңдеу формасы ашылады.
Өңдеуде ауысу арнайы жүргізіліп отырған Дүкенді көрсету керек, одан кейін Сериялар бойынша ауысу командасын пайдаланасыз.
Маңызды! Еегер Дүкен деректемелері толтырылмаса – барлық дүкендер бойынша ауысу жүзеге асырылады.
Өңдеуді аяқтағаннан кейін барлық тауарлардың сериясы өшеді және ақпараттық базада серияларды есепке алусыз жұмыс істей беруге болады.
Осылайша, 1С:Қазақстанға арналған дәріхана конфигурациясында пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген уақытта тауарлардың сериясын көрсетпей есепке алуға көшуге болады.
Біздің веб-сайтта, FB тобында және Telegram каналында жаңалықтарды бақылаңыз.