Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 13 Тамыз 2024

Қазақстан Республикасының фармацевтика саласының жағдайы және саланы қолдау шаралары Featured

Rate this item
(0 votes)

pharm 08 2024 01Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 тамыздағы отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне арналған отырысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өндірілген өнім көлемінің отандық фармацевтикалық өнімдер 95 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға немесе 15,6 млрд теңгеге артық (2023 жылы 79,5 млрд теңге). Ең көп таралған ауруларды емдеуге арналған 283 препарат кіретін негізгі дәрілік заттар тізбесіндегі 107 дәрі-дәрмек Қазақстан аумағында өндіріледі.

Мұндай айтарлықтай өсім саланы дамытуды ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың арқасында болып отыр. Оның қатарында ұзақмерзімді келісімшарттар мен отандық өндірушілер өнімдерін сатып алуға басымдық беру бар. Бұл шаралар қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың өнімдеріне деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етіп, өндіріс көлемін арттырды.

Биыл 1054 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шектік бағасы бекітілді, сонымен қатар оларға қатысты нормативтік-құқықтық актілер ырықтандырылды, бұл өндіріс пен жеткізу үдерісін жылдамдатуға да ықпал етті және фармацевтикалық өндірістің дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Негізгі өндіріс орындары Шымкент, Алматы қалалары, сонымен қатар Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында орналасқан. Бұл өңірлерде қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және онкология сияқты әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу үшін өмірлік маңызға ие өнімдер шығарылады.

Сонымен қатар отандық кәсіпорындар рентген аппараттары, ультрадыбысты және зертханалық жабдықтарды қоса алғанда медициналық бұйымдар, сонымен бірге хирургиялық оталар мен зертханаларға және т.б. арналған бұйымдар шығарады.

«Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек  (БМСК) нысандарын жабдықтау барысында отандық өнімдерге басымдық берілетінін де атап өткен жөн. Қазіргі таңда осы нысандар үшін қарастырылған жабдықтардың 72%-дан астамы Қазақстанда өндіріледі.

Read 2260 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top