С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімімен В085 – «Фармация» білім беру бағдарламасына қабылдауды жариялайды. Бұл бағдарлама колледжде (ТжКБ) фармацевтикалық білім алған немесе басқа жоғары білімі бар үміткерлерге ұсынылады. Оқытушылар - Қазақстанның жоғары білікті мамандары және танымал шетелдік сарапшылар. Оқу аяқталғаннан кейін түлектер «Фармацевт» біліктілігімен Денсаулық сақтау бакалавры дәрежесін алады. Бакалавриат түлектері магистратурада оқуын жалғастыра алады. Қабылдау үшін құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсыру және сұхбаттан өтуі қажет (емтихандарсыз).
Барлық сұрақтар бойынша хабарласу үшін:
Мекен-жайы: Алматы қ., Масанчи көш., 38 (Төле би көш. қиылысы), аудиториялықкорпус №7, 101 кабинет. Телефон: 8 (727) 338-70-27, ішкі 70-71; 73-50.
Сайт:www.kaznmu.edu.kz Е-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Фармация мектебінің деканаты: тел.: 8 (727) 338-70-27, ішкі 77-71; 77-72; 70-43.
декан Сакипова З.Б., +7 777 235 02 02.
Құжаттар 2024 жылдың 8 шілдесінен 8 тамызына дейін қабылданады.