Осындай алаңдардың бірі – дәстүрлі «Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумы болды, оның барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен SANTO («Химфарм» АҚ-ы) арасында отандықтармен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық бірқатар бағыттарды қамтиды. Соның бірі – Шымкентте құрылған медициналық-фармацевтикалық кластер шеңберінде фармацевтикалық сала үшін фармацевтикалық білім беру сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін арттыру мақсатында SANTO академиялық бағдарламасын дамыту және Қазақстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық.
Бұл бағытта SANTO компаниясының R&D орталығы маңызды рөл атқарады, ол функцияларды біріктіруге негіз болды: кластер құрамындағы зерттеулер мен өндіріс. Осылайша, R&D ғылыми-зерттеу сынақ орталығы медициналық білім беру және дәрілік заттар ғылымы ұйымдарымен бірлесіп – алғашқы генериктерді, оның ішінде жоғары технологиялық және инновациялық дәрі-дәрмектерді әзірлеу мәселесі қаралатын болады.
Сонымен қатар, халықаралық нарықтарда экспортқа бағдарлануды және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін GMP, GMP ЕАЭО, GMP EU халықаралық стандарттарына сәйкес қолданыстағы фармацевтикалық өндірістерді жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру бойынша бірлескен жұмыс көзделген.
Santo терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам дәрі-дәрмектің отандық өндірушісі болып табылады.
Мемлекет басшысы әлемдік ойыншылармен ынтымақтастықтың және технологиялар трансферінің маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, отандық дәрілік заттардың үлесін 50%-ға дейін жеткізуді тапсырды.
«Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумы – дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау және сенімді бизнес-серіктестіктерді іздеу үшін ең нәтижелі диалог алаңы мәртебесін сақтап келеді. Форум барысында Қазақстан отандық және шетелдік компаниялармен ынтымақтастық туралы бес Меморандумға қол қойды.
Қорытындылай келе, тараптар ортақ мақсаттарға – отандық фармацевтикалық нарықты дамытуға, елдің өндірістік және ғылыми әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер жасауға, сондай-ақ отандық өнім өндірісіне инвестициялар тартуға дайын екендіктерін білдірді.
Дереккөз: «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметі.