Іс-шараның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
1. «Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттарға шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрықтың жобасы. Бұйрыққа қол қоюдың мүмкін мерзімі.
2. Стратегиялық маңызды дәрілік заттар тізбесіне енгізілген препараттарды ұлттық рәсім бойынша тіркеу.
3. Таңбалау және қадағалау бойынша өзекті ақпарат.
4. GPP стандартын енгізу мәселесі.
5. Фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін сертификат алу бойынша өзекті ақпарат.
6. Нарықтан дәрілік заттардың сынамаларын алу бойынша өзекті ақпарат.