Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 10 Қазан 2024

Мемлекет дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын бақылауды күшейтті Featured

Rate this item
(0 votes)

tabs pharmreview 02 2024 05ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құжат айналымындағы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бағасының алшақтау фактілерін автоматты түрде анықтау үшін өзінің ақпараттық жүйелерін оңтайландырды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.

Шілде айында Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Аудиторлар шекті бағаларды тіркеу кезіндегі мәлімет пен ҚР аумағына әкелу кезіндегі ілеспе құжаттардағы нақты бағалар арасындағы дәрілік заттар құнындағы алшақтық фактілерін анықтады. Осыған байланысты ведомствоға мұндай жағдайларды автоматты түрде тіркеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Бүгінгі таңда Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы «Референттік баға белгілеу» және «Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» ақпараттық жүйелерін оңтайландырды. Бұл дәрі-дәрмектерге шекті баға белгілеуге бақылауды едәуір күшейтеді және жеңілдетеді.

Осылайша, жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата нұсқамасының тармақтарының бірі орындалды.

Дереккөз: Жоғарғы аудиторлар палатасының баспасөз қызметі.

Read 1668 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top