Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2024

«Өз кәсібінің үздiгі» конкурсын өткізу туралы хабарландыру Featured

Rate this item
(1 Vote)

doc pharmreview 02 2024 02Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының, денсаулық сақтау білім беру ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлері арасында «Өз кәсібінің үздiгі» республикалық конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсты өткізу мерзімі: 18.10.2024 – 10.12.2024

Конкурс екі кезеңнен өткізіледі:

I (өңірлік) кезең (18.10.2024 – 15.11.2024) – өңірлік, облыс (республикалық маңызы бар қалалар және астана) деңгейінде өткізіледі, онда конкурстық комиссия ІІ (республикалық) кезеңге қатысу үшін ұсынатын конкурстың жеңімпаздары айқындалады:

1) өңір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде – 15 номинация бойынша «Үздік стационар дәрігері», «Үздік медициналықсанитариялық алғашқы көмек дәрігері», «Үздік жедел жәрдем дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейін дәрігері», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы», «Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер», «Үздік стационар мейіргері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері», «Үздік ауыл мейіргері», «Үздік акушер», «Үздік фельдшер», «Үздік медицина колледжі оқытушысы»;

2) медициналық ЖОО-лар, ҒЗИ, ҒО, сондай-ақ көп бейінді ЖОО-лар жанындағы медициналық факультеттер, медицина мектептері деңгейінде – 2 номинация бойынша «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Үздік денсаулық сақтаудағы ғалым». II (республикалық) кезең (18.11.2024 – 10.12.2024) — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде.

Конкурстың II кезеңіне әрбір номинация бойынша өңірлік деңгейде тиісті номинация бойынша конкурстың бір ғана үміткер – жеңімпазы ұсынылуы мүмкін. Конкурстың номинациялары:

1. Үздік стационар дәрігері

2. Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері

3. Үздік жедел жәрдем дәрігері

4. Үздік ауыл дәрігері

5. Үздік провизор

6. Үздік денсаулық сақтау менеджері

7. Үздік медициналық ЖОО оқытушысы

8. Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейін дәрігері

9. Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы

10. Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер

11. Үздік медицина колледжі оқытушысы

12. Үздік денсаулық сақтаудағы ғалым

13. Үздік стационар мейіргері

14. Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері

15. Үздік ауыл мейіргері

16. Үздік акушер

17. Үздік фельдшер

Қатысу шарттары: 2024 жылғы 28 маусымдағы № 44 «Өз кәсібінің үздiгі» атағын берудің бекітілген қағидаларына сәйкес (мемлекеттік тіркеу № 34653).

Конкурсты өткізу кезеңдері:

1) қағидаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау – 18.10-31.10.2024;

2) Өңірлік конкурстық комиссияның жұмысы - 01.11-13.11.2024;

3) ҚР ДСМ-ге конкурстың республикалық деңгейінде қатысу үшін әрбір номинация бойынша 1 үміткерді беру - 15.11.2024;

4) Республикалық конкурстық комиссияның жұмысы және конкурс қорытындыларын ҚР ДСМ ресми сайтында жариялау – 18.11.2024 – 10.12.2024.

«Өз кәсібінің үздiгі» атағының марапаты: «Өз кәсібінің үздiгі» республикалық конкурсының әр номинация бойынша жеңімпаздарына 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем беріледі.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсы.

Read 1725 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top