Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған.
Медициналық көрсетімдерсіз 170 науқас инсулин препараттарымен қамтамасыз етілген.
Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған.
Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан.
Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған.