Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 13 Тамыз 2024

Фармацевтика саласындағы ынтымақтастық: Қазақстан мен Өзбекстан VI Консультативтік кездесуде негізгі мәселелерді талқылады Featured

Rate this item
(0 votes)

kmfk 08 2024Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің және Комитеттің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қатысуымен 2024 жылғы 9 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі шеңберінде Өзбекстан Республикасының фармацевтика саласын дамыту агенттігімен кездесу өткізді. Кездесудің егжей-тегжейлері туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде бірқатар мәселелер, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы фармацевтика саласының жалпы жағдайы талқыланды. Халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу кезінде мынадай мәселелер қаралды: GMP тану, Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау, мемлекеттік қолдау шаралары және жақын болашақтағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Қатысушылар денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттер арасындағы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Фото: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Read 744 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top