Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 12 Тамыз 2024

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындысын шығарды Featured

Rate this item
(0 votes)

doc pharmreviews 2022 01ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде облыстар әкімдерінің, денсаулық сақтау басқармаларының өңірлік және министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен кезекті алқа отырысы өтті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Алқа отырысы барысында денсаулық сақтау жүйесінің осы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды. Жиында онкология қызметін жақсарту, медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттыру бойынша жоспарды жүзеге асыру шаралары, сонымен қатар медициналық ЖОО студенттерінің білімін бағалау мен оқытудың жаңа тәсілдері қаралды. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелер ұсынатын, халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануына бағытталған Жоғары аудиторлық палатаға жүргізілген шолу таныстырылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму Жоспарының 30-дан астам индикаторының орындалу нәтижелері талқыланды, олардың жартысы өңірлік әкімдіктермен бірлесе жүзеге асырылуда. Шұғыл госпитализация өсімі мен медициналық статистика құру әдістеріне талдау жүргізу, халықтың денсаулығын сақтаудағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша өңірлермен жұмысты күшейту тапсырылды.

Профилактиканың жеткіліксіздігі, ақпараттық жүйелерді біріктірудегі кедергілер және кадр тапшылығы сынды онкологиялық қызмет жұмысындағы мәселелер бөліп көрсетілді. Осы кемшіліктерді жою мақсатында Онкоқызметті жетілдіру бойынша 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді, ол ұйымдастырушылық үдерістерді жаңғырту және қаржыны тиімді жұмсауды қамтиды.

Сонымен қатар кадр тапшылығы мәселесін шешуге және медициналық ЖОО-дағы білім сапасын арттыруға арналған жаңа бастамалар ұсынылды. Түлектерді бөлгенде жергілікті атқарушы органдар қажеттілігі мен кадрлық ресурстар болжамы ескеріледі. Бүкіл резидентура үдерісін үйлестіру үшін сандық платформа құрылады.

Отырыс қорытындысында кешенді жоспар шеңберінде медициналық ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра беру тапсырылды. Жылдың соңына дейін анағұрлым проблемалы 30 медициналық ұйымды бақылау және қолдауға ерекше көңіл бөлінетін болады. Басымдық берілетін мәселелер қатарында - мемлекеттік міндеттемелердің ресурстарға қатысты теңгерімін сақтау, қаржыны тиімді жұмсауды арттыру және басшылық қызметтерге кадр іріктеуді күшейту жұмыстары бар.

Бір айта кетерлігі, 2024 жылдың алты айында 1,6 миллион науқас стационарлық көмек алған, 200 мыңға жуық әйел босандырылған, сондай-ақ жәдел жәрдем қызметі 4,2 миллионнан астам шақыртуға жауап берген. Бұл деректер денсаулық сақтау жүйесі жұмысының көлемін ғана емес, сонымен бірге медицина қызметкерлері еңбегінің маңыздылығын да көрсетеді.

Министрлік денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету және саланың барлық қызметкерлеріне озық еңбек жағдайын жасау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді. Медициналық мекемелермен, өңірлермен жұмысты үйлестіруге және оларды қолдауға ерекше көңіл бөлінетін болады. Денсаулық сақтау министрі отырыстың барлық қатысушыларын ортақ мақсатқа жетуде және азаматтарға арналған медициналық қызмет сапасын арттыруда күш біріктіре жұмыс істеуге шақырды.

Read 705 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top