Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 11 Сәуір 2024

Молдабеков Талғат Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды Featured

Rate this item
(1 Vote)

t moldabekovМолдабеков Талғат Қаркенұлы Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Қаркенұлы 1969 жылы 20 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер кардиолог» мамандығы бойынша, 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Іскерлік әкімшілік магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Семей қаласының орталық қалалық ауруханасы кардиология бөлімінің дәрігері болып бастап, 2017 жылға дейін медицинаның түрлі салаларында маман болып жұмыс істеді.

«Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ (Астана қаласы) кардиология бөлімінің меңгерушісі, «UMC» корпоративтік қорының Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында (Астана қаласы) кардиология және неврология бөлімінің меңгерушісі, № 1 «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС (Астана қаласы) терапия бөлімінің меңгерушісі болды.

2022 жылы «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» ЖШС көпсалалы терапия орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, дәл осы 2022 жылы «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Фото дереккөзі: Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Read 983 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top