Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 27 Ақпан 2024

Нарық қатысушылары үшін дәрілік заттардың бағасын реттеу мәселесі бойынша маңызды ақпарат Featured

Rate this item
(1 Vote)

tabs pharmreview 02 2024 06«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) дәрі-дәрмек бағасын реттеуден шығару процесі қалай жүзеге асырылатыны туралы түсінік берді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп 2023 жылғы 29 желтоқсанда көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңмен қайта реттеуді көздейтін Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын бекітті.

Бірінші кезеңде 2023 жылдың басынан бастап бәсекелестік ортаға 3-тен астам аналогы және 3-тен астам өндірушілері бар рецептісіз дәрілік заттардың 302 атауы жіберілді;

Екінші кезеңде 2024 жылы барлық рецептісіз дәрілік заттарды қайта реттеуге жіберу жоспарланған болатын, бірақ барлық рецептісіз дәрілік заттарға (Тізбе жобасына енгізілмеген ДЗ 1768 атауы) бағаның күрт өсу қаупінің болуына байланысты көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесінің жобасы ҚР ДСМ Стратегиялық комитетінің отырысында қаралып, шешім қабылданды (2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 28/1 хаттама):

- 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 900-ге жуық рецептісіз ДЗ (бір ХПА шеңберінде 2-ден аса аналогтары мен өндірушілері бар) босату;

- 2024 жылдың екінші жарты жылдығында барлық рецептісіз ДЗ босату.

Read 1079 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top