Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 09 Ақпан 2024

ОҚМА фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруде Featured

Rate this item
(1 Vote)

ukma 02 2024 012024 жылғы 26 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да «Түлектердің кәсіби даярлығын бағалауға қойылатын талаптар» тақырыбында фармацевтикалық саланың жұмыс берушілерімен кездесу үшін дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – облыстағы фармацевтикалық кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты мәселелерді шешу.

Дөңгелек үстел модераторы ретінде ОӘжТЖ жөніндегі проректор, м.ғ.д. Анартаева М.У. сөз сөйледі. Келесі баяндамалар тыңдалды:

1. «Фармацевтикалық кадрларды даярлау сапасын арттыру» фармация факультетінің деканы доцент м.а., PhD Умурзахова Галия Жанбурбаевна.

2. «Академия (ОҚМА АҚ) мен жұмыс берушілердің түлектерді даярлау және жұмысқа орналастыру мәселелеріндегі өзара іс-қимылы» интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканы, PhD Кемельбеков Қанатжан Сауханбекович.

3. «Медициналық-фармацевтикалық кластерді дамыту негіздері» Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Денсаулық сақтау саласы кеңесінің төрағасы, «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер «Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті, профессор Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы.

              Дөңгелек үстелді «ОҚМА» АҚ фармация факультетінің деканаты ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге 50-ден астам адам қатысты, атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, Шымкент қаласы (офлайн), Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы бойынша (онлайн) департамент басшылары, ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының директоры, «Бастау Фарм» ЖШС, «Экофарм Интернэшнл» ЖШС, «Зерде-Фарм» ЖШС, «ТИН» ЖШС, «Зерде-фито» ЖШС, «Фито-Апифарм» ЖШС, «Нұр фарм» ЖШС, «Зада-Фарм» ЖШС (онлайн), «Медсервис Плюс» ЖШС құрылтайшылары, №2 қалалық аурухана дәріханасы меңгерушісі, ҚР ӘМ Сот-сараптамалар орталығының Шымкент қ. бойынша «Сот-сараптама институты», Т.О.Орынбаев атындағы Облыстық гипербариялық оксигенация орталығы, «ЮгМедФарм» ЖШС, Шымкент қаласындағы «Садыхан» ЖШС өкілі, ҚР ДСМ «Психикалық денсаулық сақтау орталығы» (онлайн), «Алмасат» ЖШС Алматы (онлайн), Қарағанды қ. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» (онлайн), АҚ «Химфарм» (онлайн) өкілдері, сондай-ақ «ОҚМА» АҚ басшылығы және «Фармация» БББ және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ оқытушылар құрамы (офлайн).

ukma 02 2024 02«Түлектердің кәсіби даярлығын бағалауға қойылатын талаптар» атты дөңгелек үстел тақырыбы бойынша мәселелерді талқылау барысында мынадай қорытындылар мен ұсынымдар жасалды, олардың қорытындысы бойынша резолюция қабылданды:

1. Жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес фармация және фармацевтикалық-технологиялық өндіріс салаларының білім беру бағдарламаларын жаңарту және іске асырылуын үнемі жетілдіріп отыру

2. Өңірлік деңгейде фармация саласындағы мамандардың кәсіптерін, лауазымдарын, білімдерін, дағдыларын бірлескен форсайт-зерттеулерін жалғастыру.

3. Жұмыс берушілердің қатысуымен "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" кәсіби стандартының жобасын әзірлеу.

4. Практикалық қызметкерлерді тарта отырып, білім беру процесіне дәріскерлер мен практика жетекшілерінің, фармацевтикалық бейіндегі базаларға сырттай практикалық сабақтардың сапасына дуальды оқыту қағидаларын енгізу.

5. Түлектерді жұмысқа орналастыруға тұрақты мониторингі жүргізу және жұмыспен қамтуды ынталандыруда жұмыс берушілермен тығыз байланысты қамтамасыз ету.

6. Құрылған «Шымкент» Медицина-фармацевтикалық кластердің дамуына кластер мүшелері ат салысып, нәтижесінде құрылған кластер еліміздің медициналық өнімдерінің және фармацевтика саласының отандық өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ кооперациялық өзара іс-қимылды кеңейту арқылы инновациялық технологияларды енгізу және соның нәтижесінде, жақын арада біздің еліміздегі кластерлік даму оның экономикасының дамуына үлес қосуын іске асыру.

7. Жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, элективті пәндер каталогын жетілдіру.

Read 1124 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top