Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 05 Ақпан 2024

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында 2023 жылғы жұмыс нәтижелері және 2024 жылға арналған міндеттер белгіленді Featured

Rate this item
(0 votes)

tabl 06 2022 01 600Қабылданып жатқан шаралардың арқасында елордада негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды: жалпы өлім-жітімнің 4,5%-ға төмендеуі байқалады. Бұл туралы Басқарма басшысы Алия Рустемова Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен қала әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың қатысуымен өткен қорытынды алқада жиынында айтты.

Елордадағы 2022 жылғы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші еліміз бойынша ең жоғары – 77,3 жыл болды. Басқарма басшысы есепті жылы да бұл көрсеткіш жоғары болатынына үмітін білдірді.

штер жақсарды: жалпы өлім-жітімнің 4,5%-ға төмендеуі байқалады.

Сандар мен фактілер: өткен жылы МСАК ұйымдарында 10,5 миллион қабылдау өткізілді. Жедел жәрдем қызметі 708 мың шақыруды қабылдады. Стационарларда 194 мың пациент емделді, 102 мыңнан астас ота жасалды және 31 мыңнан астам босану қабылданды.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді: 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 300-ге жуық қызметкер: 917 дәрігер және 382 орта медицина қызметкері оқытылды.

151 мыңға жуық пациент тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Сенімді және дәл медициналық техника медициналық көмектің сапасын арттырады. Мәселен, 2023 жылы 1 мыңнан астам жаңа медициналық техника сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыс ағымдағы жылы да жалғасады.

Басқарма басшысы елорда халқы санының өсуін ескере отырып, бірқатар проблемалық мәселелерге назар аударды. Қазіргі кездегі денсаулық сақтау инфрақұрылымы халықтың өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандырмайды. Жағдайды жақсарту үшін алдағы жылдарға 14 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған.

Алия Рустемова қол жеткізілген жетістіктермен қатар дереу шешуді талап ететін міндеттер де бар екенін атап өтті.

«Біз ел халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыратын тиімді шешімдер дайындайтын кәсіби және азаматтық қоғамдастықтың барлық күш – жігерін біріктіруіміз керек», - деп қорытындылады.

Дереккөз: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Read 972 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top