Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2024

Қазақстан Республикасында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі кеңейтілді Featured

Rate this item
(0 votes)

tabl 03 2022 11Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 22 қаулысымен Қазақстанда бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі кеңейтілді.

Құжатқа сәйкес, медициналық мақсатта қолданылуына тыйым салынған есірткі заттарының тарауы кеңейтіліп, пара-фторфентанил (пара-фторфентанил), брофин және метонитазин қосылды.

«Психотроптық заттар» бөлімі 3-метоксифенциклидинмен және эвтилонмен толықтырылды.

Клоназолам, диклазепам және флубромазолам медициналық мақсатта қолданылатын және бақылаудағы психотроптық заттардың тізіміне қосылды.

Прекурсорлар тізіміне 4-метилпропиофенон (1-(4-метилфенил)-1-пропанон) қосылды.

Есірткі және психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі атомдарын, галогендерді және (немесе) гидроксил топтарын алмастырушылардың тізбесі де жаңа редакцияда берілген. Оның құрамына этокси, карбоксамид, метоксикарбонил, метоксиметил кіреді.

Сонымен қатар, қаулының жаңа редакциясында заңсыз айналымда табылған есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының ұсақ, ірі және аса ірі көлемдегі жіктелуі бойынша жаңартылған жиынтық кесте белгіленген.

Осы қаулы 2024 жылғы 6 ақпанда қолданысқа енгізіледі.

ҚҰЖАТТЫ ОҚУ.

Read 2186 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top