Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 17 Қаңтар 2024

Фармацевтикалық дистрибьюторлық қызметтерді сатып алу кезінде картельдік келісімдердің фактілері анықталды Featured

Rate this item
(0 votes)

med pharmreviews 07 2023Мемлекет сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтері нарығында 190 әлеуетті өнім берушінің болуына қарамастан, қоймалар мен тарату орталықтары желісі бар компаниялардың монополиясында. Бұл жайт Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жылы жүргізген тиісті тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау нәтижесінде анықталды.

 

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету аясында «СК-Фармация» ЖШС ұсынатын мемлекеттік оператор жыл сайын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтерін сатып алады. 2022 жылы жылдық сатып алу көлемі 6,8 млрд теңгені құрады.

Монополияға қарсы органның талаптарына сәйкес «СК-Фармация» ЖШС қызметтерді сатып алу үшін лоттар санын көбейтті, бұл нарық субъектілерінің көп бөлігінің оларға қолжетімді етеді.

Мәселен, егер 2009-2013 жылдары республика бойынша қызметтер бір лотпен сатып алынса, 2019-2022 жылдары – 17, бұл қызмет көрсетушілер саны 1-ден 6-ға дейін, ал сатып алуға қатысушылардың саны 10 компанияға дейін өсті.

Сондай-ақ, 2023 жылы жеткізушілердің көбірек санын тарту мақсатында қызмет көрсету аймақтарына байланысты лоттар құнын саралау, жүктерді сақтандыру шығындарын қызметтердің құнына қосу және шарттар талаптарын 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғайту шаралары қабылданды.

Талдау нәтижелері бойынша басқа да ұсыныстар енгізілді, оның ішінде сақтау және тасымалдау қызметтерін сатып алуды бөлу, бұл 200-ден астам көлік ұйымын дәрілік заттарды тасымалдау қызметтерін сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген Жол картасы аясында жаңа ойыншыларды қолжетімді ету және баға бәсекелестігін арттыру бөлігінде нарықты монополиядан арылту бойынша жүйелі шараларды қабылдау бойынша жұмыс жалғасады.

Сонымен бірге осы жасанды түрде құрылған монополиялық нарыққа қатысушылардың картельдік келісімдер жасасуын шешу үшін монополияға қарсы шаралар қабылдануда.

«СК-Фармация» ЖШС-нің дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау қызметтерін мемлекеттік сатып алу кезінде өзара келісіп, жасасқан бәсекелестік тудыруы бойынша «KФК Медсервис плюс» ЖШС«Ақниет» ЖШС, «Стопфарм» ЖШС-не (бұдан әрі – Серіктестік) қатысты монополияға қарсы кезекті тергеу аяқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу кезінде өзара бәсекедегі жеңіс бағаның аздап төмендеуімен (0,0006%-ға немесе 0,50 теңгеге) қамтамасыз етіліп келген.

Картельге қатыспайтын субъектілер сатып алуға қатысқан жағдайларда басқа схема қолданылған.

Бірінші кезеңде «бәсекелес» бағаны айтарлықтай төмендетуді (58%-ға дейін) ұсынған, содан кейін қызметтерді сапалы көрсетуге кедергі келтіретін жағдайлардың туындауына байланысты «СК-Фармация» ЖШС-мен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырудан бас тартып келген.

Осыған байланысты «СК-Фармация» ЖШС дәл осындай сомаға қайта конкурс жариялап, онда жалғыз қатысушы ретінде «қажетті» Серіктестік танылған.

Анықталған сөз байласу фактілері тергеп-тексеру объектілері арасында сатып алуға қатысу кезінде жалған бәсекелестік орта құру туралы іскерлік хат алмасу кезінде, сақтау қоймаларының мекенжай бойынша орналасуы және басқа да мән-жайлар бойынша расталды.

Жоғарғы Соттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен Серіктестіктердің әрекетінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы расталды.

Қазіргі уақытта тергеу материалдары Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігіне жолданды.

Дереккөз: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Read 1198 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top