Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 22 Желтоқсан 2023

«Қазақстан халқына» ҚҚ балаларды үйде оңалту жобасын мақұлдады Featured

Rate this item
(2 votes)

ofice 06 2022 6002023 жылғы 4 желтоқсанда «Қазақстан халқына» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті. «QH Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» қайырымдылық жобасы бекітілді.

Қайырымдылық жобасының мақсаты – мүгедектігі орташа және ауыр дәрежедегі балалардың оңалту әлеуетін арттыру және үй жағдайында оңалтуды жалғастыру үшін техникалық оңалту құралдарын (ОТҚ) ұсыну арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Жобаның серіктестері – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК және БҰҰ Даму бағдарламасы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР ЕХӘҚМ азаматтарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, оның ішінде арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін үйлестіреді. Оңалтудың техникалық құралдарының (бұдан әрі - ОТҚ), арнайы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің жіктеуіші бекітілген, оның шеңберінде кейбір қаражатқа кепілдендірілген мемлекеттік көмек бөлінеді. Алайда, республикалық бюджет ағзаның жоғалған функцияларын қалпына келтіру саласында қымбат инновациялық шешімдерді көздемейді, бұл мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту сапасына да әсер етеді.

Пилоттық жоба шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК филиалдары мүгедек балаларға баланың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған сапалы, тиімді, қауіпсіз техникалық оңалту құралдарын ұсынатын болады. Мүгедектігі орташа және ауыр дәрежедегі балалар жобаның қайырымдылық көмек алушылары болып табылады.

Ғылыми орталық ОТҚ берудің жаңа тетігін сынақтан өткізу үшін 4 пилоттық өңірді анықтады: Абай, Қызылорда, Павлодар облыстары және Шымкент қаласы.

Пилоттық жоба Абай (136 бала), Павлодар (185 бала), Қызылорда облыстарында (312 бала), Шымкент қаласында (676 бала) үйде 1300-ден астам баланы оңалту қызметтерімен қамтуы мүмкін.

Read 1075 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top