ЖШС басшысы болып қазіргі таңда «Johnson & Johnson» ЖШҚ фармацевтикалық өнімдер бөлімшесі Янссеннің ТМД елдері бойынша директоры қызметін атқарып жүрген Әділет Назарбаев тағайындалды.
«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС денсаулық сақтау саласындағы ірі компания – Johnson & Johnson жаһандық корпорациясының бөлігі болып табылады.
Он жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы «Янссен» пациенттер мен медициналық қоғамдастыққа иммундық делдалдық аурулар (ішектің қабыну аурулары, псориаз, ревматоидты артрит), онкология (простата обыры), қанның қатерлі аурулары (созылмалы лимфоцитарлы лейкемия, көптік миелома), орфандық аурулар (жұлынның бұлшықет атрофиясы және өкпе артериялық гипертензиясы), психиатриялық және жұқпалы аурулар сияқты әлеуметтік маңызы бар және ауыр созылмалы ауруларды емдеу үшін қажетті инновациялық терапияны ұсынады.
Компанияның елімізде жұмыс істеуі кезінде 250 мыңнан астам науқас дәрілік терапиядан өтті, қазіргі уақытта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде 30 мыңға жуық пациент қамтылған. Осы уақытқа дейін 60 инновациялық дәрілік препараттар тіркелген, соның ішінде дәріге төзімді туберкулезді емдеуге арналған серпінді терапия, псориазды инновациялық емдеу, жұлын бұлшықет атрофиясын емдеуге арналған терапия.
«Өткен жылы біз компанияның Қазақстанда ашылуының 10 жылдығын атап өттік. Елімізде жергілікті заңды тұлғаның құрылуы – біздің қазақстандық нарықта ұзақ мерзімді қатысуға ұмтылуымыздың көрінісі. Біз республикадағы пациенттердің инновациялық емдеуге қолжетімділігін жеделдету және кеңейту үшін барлық мүдделі тараптармен жұмысты жалғастырамыз», - деп түсіндірді Әділет Назарбаев.