Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 14 Қараша 2023

ҚР-да денсаулық сақтауға инвестиция бір жылда 45% өсті2023 жылдың тоғыз айында күрделі салымдардың жалпы көлемі 209 миллиард теңгеге жетті Featured

Rate this item
(0 votes)

med pharmreview 01 2023Биыл қаңтар–қыркүйекте денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 209,4 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан ақшалай түрде 50,7% артық. ФКИ 144,6%, бұл секторға нақты инвестицияның өскенін көрсетеді. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Салыстыру үшін: 2022 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция көлемі 138,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек айларымен салыстырғанда құндық мәнде 15,6% артық. 

Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша, инвестицияның 42,7 %-ы меншікті қаражат есебінен қамтамасыз етілді: 89,5 млрд теңге — былтырғыдан 85,1% артық.

Инвестициялардың тағы 27,3%-ы жергілікті бюджет қаражаты есебінен құйылды: 57,1 млрд теңге, бірда 20,9% өскен. Республикалық бюджеттен бөлінген инвестиция көлемі бір жылда 64,5% өсіп, 52,2 млрд теңгеге, банк несиелері 1% өсіп, 4,9 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте банктік емес қарыз қаражат 15,2%, 5,7 млрд теңгеге дейін қысқарды. 

Өңірлер бойынша биыл тоғыз айда секторға ең көп инвестиция Астанада салынды: 59,1 млрд теңге, бір жылда 69,5% көбейген. Одан кейін Алматы қаласы (39,4 млрд теңге), Түркістан (16,9 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (16,7 млрд теңге) облыстары.

Ең аз көрсеткіштер Маңғыстау (1,4 млрд теңге), Ұлытау (1,5 млрд теңге) және Алматы (1,6 млрд теңге) облыстарында тіркелді.

Инвестицияның ең көп жылдық өсімі Атырау облысында (10 есе, 3,3 млрд. теңгеге дейін), ең көп қысқару Маңғыстау облысында (81%, 1,4 млрд теңгеге дейін) тіркелді.

Read 1171 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top