Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 13 Қараша 2023

Алматы облысында аурухана медициналық бұйымдарды «қағаз жүзінде» сатып алған Featured

Rate this item
(1 Vote)

med pharmreview 01 2023Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА аумақтық Департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізуде.

Айта кетейік, медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілді.

2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. 

Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Read 766 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top