Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 02 Қараша 2023

Қазақстанда аусылға қарсы вакцина өндірісін оқшаулау туралы келісімге қол қойылды Featured

Rate this item
(1 Vote)

bi 11 2023 02Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға ресми сапары өтті. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Франция президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Ресми делегациялардың мүшелері бірқатар құжаттарға, соның ішінде «NH QazBioPharm» АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France арасындағы Қазақстан Республикасында аусыл ауруына қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензиялар мен жеткізулер туралы келісімге қол қойды.

Содан кейін Мемлекет басшысы Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті Кристиан Вайзенді қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazBioPharm холдингі мен Францияның Boehringer Ingelheim компаниясы арасында технологияларды беру туралы қол жеткізілген келісімнің маңыздылығын атап өтті. Бұл Қазақстанда аусылға қарсы вакцина өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының айтуынша, ветеринария саласын дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.

Қазақстан Президенті елімізде биотехнология кластерін құру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын және осы саладағы отандық ғылыми сараптама жасау ісін дамыту үшін QazBioPharm ұлттық биофармацевтикалық холдингі құрылғанын айтты.

Дереккөз: akorda.kz.

Read 1404 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top