Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 02 Қазан 2023

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі және «АстарЗенека» препараттар өндірісін оқшаулау жобасы бойынша жол картасына қол қойды Featured

Rate this item
(1 Vote)

az 10 20232023 жылдың 2 қазаны Астанада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еуропа істері министрі Лео Докертимен денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бойынша кездесті. 

Ведомство басшысы британдық дипломатпен кездесу барысында «Біздің Министрліктің қызметінің басым бағыттарының бірі шет мемлекеттермен және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдармен достық, ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестікті дамыту және нығайту болып табылады. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы ведомство алдына технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету үшін қажетті инвестицияларды тарту міндетін қойды», - деп атап өтті. Кездесу шеңберінде  «АстраЗенека» британдық-швед компаниясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында бірегей дәрілік заттарды келісімшарттық өндіру жобасын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына қол қойылды.

Өндірісті оқшаулау жөніндегі жобаның Жол картасына қол қою ҚР Президентінің ішкі нарықта отандық өндірістің дәрі-дәрмектерінің үлесін 50 % - ға дейін жеткізу туралы тапсырмаларын орындауға жаңа қадам болды және инвестициялық ахуалды жақсартуға және екіжақты стратегиялық қатынастарды дамытуға ықпал ететін болады.

«Жол картасы жобасына қол қою Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту үшін маңызды оқиға болып табылады. Осы жобаның арқасында қазақстандықтар «АстраЗенека» инновациялық препараттарына қол жеткізе алады. Сондай - ақ, жоба Қазақстанның фармацевтика және медицина өнеркәсібі үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға ықпал етеді деп күтемі», - деп атап өтті А.Ғиният. 

«Біз «Астразенеканың» Қазақстанның дәрілік препараттар нарығында инновацияларды дамытуға және енгізуге қосқан елеулі үлесін қуана атап өтеміз. Біз тәжірибесі елге өзінің экономикалық әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін британдық компанияларды мақтан тұтамыз», - деді өз кезегінде Лео Докерти. 

«АстраЗенека» дәрілік препараттарының өндірісін оқшаулау және олардың азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуден басқа, Жол картасы Қазақстанның фармацевтика және медицина өнеркәсібі үшін стратегиялық әріптестікті, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға бағытталатын болады.

Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің директоры Мария Шипулева патенттелген молекулаларды оқшаулау  - бұл Қазақстанда күшті және тұрақты фармацевтикалық секторды құру үшін қабылданатын маңызды қадам екеніне сенімді.

«АстраЗенека»  онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, респираторлық және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты  осындай басым бағыттағы терапия салаларындағы рецептуралық  дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағытталған халықаралық ғылыми бағытталған биофармацевтикалық компания. Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан AстраЗенека компаниясы 100-ден астам елде жұмыс істейді, ал олардың  инновациялық препараттарын дүниежүзінде  миллиондаған пациенттер пайдаланады.

Read 1177 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top