Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 29 Қыркүйек 2023

Мемлекет басшысы STADA Group компаниясының вице-президенті Кристос Галлиспен кездесті Featured

Rate this item
(1 Vote)

stada 09 2023 0129 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды. Оның аясында Мемлекет басшысы STADA Group вице-президенті Кристос Галлиспен кездесті. Кездесу барысында денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев STADA компаниясы денсаулыққа қажетті тұтыну тауарлары  сегментінде Қазақстан нарығындағы көшбасшылардың үштігіне кіретінін атап өтті. Президенттің айтуынша, Алматы қаласында компания кеңсесінің ашылуы – табысты және қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықтың айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы Қазақстанда биотехнологиялық кластер құру жұмысы белсенді жүргізіліп жатқанына назар аударды.

Президенттің пікірінше, QazBioPharm ұлттық холдингімен ғылыми-зерттеу және өндіріс саласында бірлесе жұмыс істеу үшін STADA компаниясына зор мүмкіндік ашылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев германиялық компанияны бірлескен зерттеулер жүргізіп, әзірлемелер дайындауға, өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және мамандардың біліктілігін арттыруға шақырды.

Өз кезегінде Кристос Галлис ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, компанияның Қазақстандағы медициналық жобалар мен бағдарламаларға инвестиция құю мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

STADA – жоғары сапалы дәрі-дәрмек өндіретін жетекші компаниялардың бірі. Компания өз өнімдерін әлемнің 120 елінде сатады.

Дереккөз: akorda.kz.

Read 932 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top